Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған қалалық вебинар «Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Балалар музыка мектебінің қызметі жағдайында оқытудың педагогикалық технологияларын қолдану»

2021 жылғы 29 қараша күні Білім беруді жаңғырту орталығы МКҚК және Нұр-Сұлтан қаласының № 2 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен қосымша білім берудегі музыка бағытындағы педагогтерге арналған «Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Балалар музыка мектебінің қызметі жағдайында оқытудың педагогикалық технологияларын қолдану» тақырыбында вебинар өтті.

Мақсаты: практикалық-теориялық тәжірибемен алмасу, музыкалық оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды апробациялау.

Ярошинская Светлана Юрьевна критериалды бағалау жүйесі, оқу материалы, оқытудың табыстылығын анықтауға, оқушылардың практикалық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін музыка мектебі педагогтері қызметінің тиімділігін бағалаудың критерийлері мен дескрипторларын әзірлеуді ұсынды.

Вебинар барысында «Скрипка» сыныбының оқытушысы Есіркепов Танзип Имамадиновичтің авторлық туындысына орындаушылық талдау ұсынылып,  алғаш рет мектеп оқытушысы және концертмейстері Тапалов Нұржан Нұрбекұлы орындады. «Фортепиано» бөлімінің бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік құралдың апробация нәтижелерімен Махмутова Татьяна Федоровна таныстырды. «Домбыра» сыныбы оқытушылары Касенова Гүлхан Айтбайқызы және Досаева Алуа Сағынтайқызы Дина Нұрпейісованың «Науаи» шығармасын орындаудағы  жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Тақырыптар:

  • «БММ педагог қызметінің тиімділігін бағалаудың өлшемдері мен дескрипторларын әзірлеу» – Ярошинская Светлана Юрьевна, Нұр-Сұлтан қаласының № 2 Балалар музыка мектебінің әдіскері;
  • «Элегия» авторлық туындысының тұсаукесері» – Есиркепов Танзип Имамадинович, Нұр-Сұлтан қаласының №2 Балалар музыка мектебі «Скрипка» сыныбының оқытушысы, Тапалов Нұржан Нұрбекұлы  Нұр-Сұлтан қаласының №2 Балалар музыка мектебі концертмейстері;
  • «Фортепиано 1-ші сыныбына арналған авторлық оқу-әдістемелік құралы» – Махмутова Татьяна Федоровна, Нұр-Сұлтан қаласының №2 Балалар музыка мектебі «Фортепиано» сыныбының оқытушысы;
  • «Дина Нұрпейісова «Науаи» және оның ерекшелігі» –  Касенова Гүлхан Айтбайқызы, Досаева Алуа Сағынтайқызы Нұр-Сұлтан қаласының №2 Балалар музыка мектебі «Домбыра» сыныбының оқытушылары;

«Қазақ халқының күйлері мен шығармалары арқылы қобыз аспабындағы орындаушылық ерекшеліктері» – Капарова Зарина Алибековна, Нұр-Сұлтан қаласының №2 Балалар музыка мектебі «Қобыз» сыныбының оқытушысы.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған