2021 жылғы 18 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы МКҚК, Балалар музыка мектебі МКҚК, №62 мектеп – лицейінің ұйымдастыруымен «Қазақ биінің ұлттық – эстетикалық тәрбие берудегі рөлі» тақырыбында «ALTYN URPAQ» жобасы аясында «Қазақ биі» бағытындағы педагогтерге қалалық шебер — сыныптары өткізілді.
Мақсаты: білім мен дағдыларды бекіту, теориялық-практикалық тәжірибе алмасу, көркемдік — шеберлікті көрсету.
Іс-шараға Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбие жұмысы бойынша директоры, профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алишева Алила Турсумбаевна қатысты.
Шебер — сыныптарбарысында № 1 Балалар музыка мектебінің директоры Кыдырманов Болат Сапабекович озық іс – тәжірибесімен бөлісіп, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Қазақ биі» сабағын жүргізудегі ең өзекті мәселелеріне тоқталды.
Тақырыптар:
- «Халық биі сабағын құру әдістемесі» — Кыдырманов Болат Сапабекович, Нұр-Сұлтан қаласының №1 Балалар музыка мектебінің директоры, педагогі, хореограф;
- «Қосымша білім беру арқылы балалардың шығармашылығын дамыту» — Хасенова Бахыт Мурадиновна, Нұр-Сұлтан қаласы №62 мектеп – лицейінің тәрбие жұмысы бойынша директорының орынбасары;
- «Қазақ биіндегі қол қимылдарының орындау әдісі» — Секербек Багдина Мейрамовна, Нұр-Сұлтан қаласының №1 Балалар музыка мектебінің педагогі, хореограф;
- «Қосымша қалыптар» — Жакеева Айжан Жаксылыковна, Нұр-Сұлтан қаласының №64 мектеп – лицейінің педагогі, хореограф;
- «Қазақ биіндегі ерекше қол қалыптарын би қойылымдарында қолдану» — Рамазан Жазира, Нұр-Сұлтан қаласының №2 Өнер мектебінің педагогі, хореограф;
- «Би өнері — оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің құрамдас бөлігі» — Шалабаева Салтанат Кантайбековна, Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық лицейінің педагогі, хореограф.
Іс-шарабарысында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, оларды қызықтырған тақырыптарды талқылап, соңында қорытынды жасады.