Абай әлемі

2021 жылдың 12 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК  мен елордамыздағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гиманазиясының ұйымдастыруымен «Абай әлемі»  абайтануды мектеп бағдарламасында оқыту қалалық семинары өтті. Семинар барысында Жазушылар одағаның мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Абай медалінің иегері Алмахан Мұхаметқалиқызының құрастыруымен, Абай мектебінің қолдауымен «Абай хикаяттары» кітабының тұсаукесері болды.

 Білім беруді жаңғырту орталығының орынбасары Сындар Мұратқызы семинардың жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.

Семинар «Ұлылар үндестігі» атты қойылыммен басталып, кітаптың тұсаукесерімен жалғасты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика факультеті, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, қазақтың аяулы ақыны Серікзат Дүйсенғазы мен Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Дайра Кайменқызы және семинарға келген әріптесіміз Мәулетқали Қыдырбекұлы кітаптың тұсауын кесті. Семинар сол мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  өз  іс-тәжірибелерімен  бөлісуімен ұласты. Д. Жалелов «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңіндегі көтерілген мәселе (желілік абайтану пәні бойынша), А. Жаменкенова  «Шоқпаардай кекілі бар қамыс құлақ»,  Н. Қуанышбаева  «Құлақтан кіріп, бойды алар», З. Кәрімхан «Жастықтың оты, қайдасың?»  өлеңіндегі жастықтың қадірі (желілік абайтану пәні бойынша),                                            А. Кумашбаева  «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңіндегі Абайдың өкініші, Н. Бәшіров «Абай және халық ауыз әдебиеті» сабақтарын көрсетті.

Білім беруді жаңғырту орталығының атынан семинардың ұйымдастырушысы ретінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері Жанар Сейдахметқызы ізгі ықыласын білдіріп, семинарға қатысқан ұстаздар алғысын айтып, өз пікірлерімен бөлісті. Мектеп директоры Айгүл Оңдағанқызы барша қонақтарға өз алғысын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған