Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында Білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастыруымен өзін-өзі тану педагогтерінің кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған «Өзін-өзі танудың үздік мұғалімі» қалалық байқауы өткізілді.
Байқау 2021 жылдың 11 қараша айында №59 мектеп-лицейінде өтті . Байқаудың мақсаты- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру. Оған қала мектептерінің «Өзін-өзі тану» пәнінің 13 мұғалімі қатысып, кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық инновацияларды, шығармашылық бірегейлікті, жалпы педагогикалық педагогиканы білуді, оқыту әдістемесін меңгеруді көрсетті.
Қатысушылар өзін-өзі тану сабақтарында педагогикалық идеялар мен инновацияларды, «Өзін-өзі тану мұғалімі жұмысындағы цифрлық ресурстар» сабағының үзінділерін көрсетті және сабақтан тыс іс-шаралар бойынша әзірлемелерді қорғады,.
«Өзін-өзі танудың үздік мұғалімі» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады: бас жүлде –Собищанская Д.Э. №22 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану мұғалімі, сондай — ақ комиссия шешімімен 1 орын – Базарханова Н.А. (№65 МЛ) және Ажакенова А. А. («Binom» МЛ) ; 2 орын — Маканова Т. В. (№46 МГ) және Исакова Н. А. (№ 77 МГ), 3 орын-Сулейменова А. С. (№71 МЛ) және Аубакирова Р. Б. (№82 мл) берілді.