Педагогикалық қауымдастық – мұғалімнің кәсібіи дамуының дамуының маңызды факторы

Ағымдағы жылдың 29 қазан күні №66 мектеп-лицейінде қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құрылған Педагогтер қауымдастығы мүшелерімен білім беру сапасын арттыруға мүдделі кәсіби қоғамдастықты дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру, аттестаттаудан өту кезінде дарынды білім беру қызметкерлерін қолдау және ынталандыру, қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтерінің кәсіби байланыстарын кеңейтуге және дамытуға жәрдемдесу, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, енгізу арқылы білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға және таратуға көмек көрсету мақсатында «Педагогикалық қауымдастық – мұғалімнің кәсібіи дамуының дамуының маңызды факторы» атты дөңгелек үстел өтті. Семинарда өткен оқу жылында жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, үстіміздегі оқу жылында жүргізілетін педагогтерді біріктіру, олардың кәсіби қарым-қатынасы үшін алаң (кең ақпараттық алаң) құру, білім берудің өзекті мәселелері бойынша басым бағыттарды әзірлеуге Қауымдастық мүшелерінің күш-жігерін шоғырландыру арқылы үздік білім беру тәжірибесін таратуды қолдау, электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында және ақпараттық желілерде ақпараттық қызметті жүзеге асыру, білім беру жүйесі туралы, заманауи жаңашыл-педагогтар туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған