Қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы оқушыларға тәрбие берудің теориялық негіздері

2021 жылғы 26 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен  № 1 Балалар музыка мектебінде «Қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы оқушыларға тәрбие берудің теориялық негіздері»

тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының  жас педагогтеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: қосымша білім беру ұйымдарының  жас педагогтерінің қазіргі заманғы сабақтарды өткізу кезінде кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруына жағдай жасау.

Семинарға Қазақ ұлттық өнер университетінің «Домбыра» кафедрасының оқытушысы Тапенов Дәулет Тұрсынханұлы «Домбыра күйлері — оқушыларға ұлттық тәрбие берудің құралы» атты тақырыптың мазмұнын ашып баяндады. Мырзабаева Светлана Қарашовна, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, №1 Балалар музыка мектебінің дәстүрлі ән сыныбының ұстазы,  өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп,  қазақ халық аспаптары мен дәстүрлі ән үйретудің негізгі әдістемелік бағытымен таныстырып өтті. №2 Өнер мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары Баишева Гауһар Максутхановна қазақ халқының дәстүрлі музыкасының рөлі туралы айтып өтті. №2 Өнер мектебінің қазақ халық аспаптар бөлімінің  басшысы, қобыз сыныбының педагогі Күмісбекова Жаңылсын Сейітқызы бастауыш сыныптардағы оқушылармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланды: «Қазақтың дәстүрлі ән өнері», «Аспапты меңгеру әдіс-тәсілдері», «Жас педагог қызметіндегі өзекті мәселелері  мен оларды шешу жолдары».

Іс-шара соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, ең маңызды мәселелерді талқылап, өз ой-пікірлерін білдіріп, семинардың қызықты әрі мазмұнды өтуіне ықпал етті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *