Қосымша білім беру педагогтері қауымдастығына арналған дөңгелек үстел

2021 жылғы 12 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Балаларға қосымша білім беруді дамыту жолдары» тақырыбында қосымша білім беру педагогтері қауымдастығына арналған  дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәжірибе жалпылауға және таратуға бағытталған әдістемелік сүйемелдеу арқылы инновациялық технологияларды қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау.

Іс-шараға «Замандас 21» қоғамдық қорының директоры Алшинова Ләззат Елубайқызы қатысып,  қоғамдық қор саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, «Замандас» аула клубының психологы Демихова Людмила Николаевна психологиялық тренинг өткізді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ Ұлттық хореография академиясының профессоры Ізім Тойған Оспанқызы өз қызметіндегі ең маңызды аспектілер туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында келесі тақырыптар талқыланды :

  • «Қосымша білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру» – Канапиева Саулеш Төлегенқызы;
  • «Қосымша білім беруде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру. Құжаттамалық қамтамасыз етудің заманауи талаптары» – Баишева Гаухар Максуткановна.

Соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қосымша білім берудің ең маңызды мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылап, өз ой-пікірлерін білдіріп, дөңгелек үстелдің қызықты әрі мазмұнды өтуіне ықпал етті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған