№89 мектеп-лицейінде  қалалық семинар-тренингі  өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту  орталығының әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен  2021 жылғы  5 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының №89 мектеп-лицейінде  қалалық семинар-тренингі  өтті.

       Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының химия және биология пәндерінің мұғалімдері қатысып, 90 нан астам   педагог қамтылды.

       Мақсаты:  Топтық жұмыс, топқа бөлу тәсілдерінің  түрлерін тәжірибиеде қолдануға тиімділігі туралы бағыт-бағдар бере отырып, сыни ойлауды қажет ететін өзіндік пікірмен көзқарасын қалыптастыру арқылы ой қорыту,   өз ойларын жетілдіру арқылы оқыту мақсатына жету.

       Әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әрекетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырған кері байланысты маңыздылығын ұғындыру, авторлық бағдарламалар құру әдістемесі, белсенді оқуды  қызметінде  тәжірибелеріне енгізуге бағыт- бағдар  беру, оқу үрдісінде белсенді оқу әдістерін  қолданудың мақсаты, шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал ететін және оқушылар игеруге тиісті қабілеттер, ойлаудың негізгі критерийлері, аттестациядан өтетін педагогтердің портфолияға қажет құжаттарын рәсімдеуге  арналған нұсқаулық, аттестацияға жарамды байқаулар мен олимпиадалар тізімдесі туралы айтылды.

        Семинар модераторы, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова мұғалімдердің қойған сауалдарына  нақты жауап берді.  Семинарға қатысушылар алдағы уақытта осындай сапалы семинарлар көбірек қамтылса деген ұсыныс білдірді. Нәтижесінде семинарға қатысушы әріптестер өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған