2026 жылғы 05 ақпанда ASTANA POLYTECHNIC Жоғары колледжінің базасында
Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтерге арналған «Заманауи сабақ: жас педагогтің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында оқыту шеберлік сыныптары өтті.
Мақсаты — жас педагогтерге сабақтарды ұйымдастыру, өткізу және талдау дағдыларын қалыптастыруда әдістемелік көмек көрсету.
Іс-шарада сабақ өткізу сапасын арттыруға арналған әдістемелік ұсынымдармен Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің оқытушылары Тукенова А.Ж., Хасенова А.А. сөз сөйледі, ал заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып өткізілген шеберлік сыныптарды ASTANA POLYTECHNIC Жоғары колледжінің оқытушылары Сагындыков А.С., Наурзбаева Ш.С., Проценко О.Д., Рахимжанова Д.Н. көрсетті.
Шебер — сыныптардың соңында колледж психологтары Шаймердинова М.Г., Измуханова Г.Е. жас педагогтердің эмоционалдық интеллектісін жетілдіруге бағытталған тренингтерді қызықты әрі танымдық форматта өткізді.








