2026 жылғы 05 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Құндылықтар негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының ерекшеліктері, «Ұлттық құндылықтарды цифрлық кеңістікте жаңғырту: Quiver қосымшасының мүмкіндіктері», «Психикалық дамуы бұзылған балаларға ұлттық құндылықтарды меңгертудің әдістері: секіру дағдысын қалыптастыру» тақырыптарында ақпарат беріліп, балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.








