Үй тапсырмасынан виртуалды досқа дейін: оқушылар өміріндегі жасанды интеллект және сабақтағы бағалау әдістері

2026 жылғы 30 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (Т2) мұғалімдеріне арналған «Білгім келеді» клубы жобасы аясында «Cабақтағы бағалау: әдіс, құрал және нәтиже» тақырыбындағыреспубликалық вебинар ұйымдастырылды.

Вебинар мақсаты – бағалаудың тиімді әдістерін оқу үдерісінде нәтижелі қолдана отырып, білім алушылардың оқу жетістігін арттыруға ықпал ету.

Вебинардың басында қатысушылар «Білгім келеді» клубының өткен жылы атқарған жұмыстары туралы бейнематериалды тамашалап, негізгі тақырып бойынша жұмысын жалғастырды.

Аталған вебинарға Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Әл-Фараби атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, сондай-ақ Астана қаласы Қ.Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер бағалаудың түрлері, әдістері мен құралдары, сондай-ақ олардың оқу нәтижесіне ықпалы туралы мазмұнды ой қозғады.

Вебинар соңында қатысушылар белсенді кері байланыс беріп, тақырыпқа қатысты өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар тарапынан бағалау үдерісін сабақта тиімді ұйымдастыру, бағалау құралдарын іріктеу және оқу нәтижесін саралау бағытында мазмұнды сұрақтар қойылып, спикерлер тарапынан нақты әрі тәжірибеге негізделген жауаптар берілді. Мұғалімдер вебинардың мазмұны мен ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, осындай кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға құрылған алаңдардың педагогтердің кәсіби дамуына, әдістемелік әлеуетін арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *