2026 жылғы 22 қаңтара Астана қ. әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес педагогтердің зерттеу әлеуетін арттыру мақсатында Білім беру саласындағы зерттеу және ынтымақтастық бөлімі «Зерттеу мақаласын жазу және жариялау» атты республикалық веб-конференция өткізді.
Іс-шара мақсаты – білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналына мақала жазуға әдістемелік көмек көрсету.
Кіріспе сөзді Астана қ. Әдістемелік орталығының бөлім басшысы, «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының бас редакторы Касенова Альбина Бақытбекқызы айтып, педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту мен тәжірибеге енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Веб-конференция барысында спикерлер мына тақырыптар бойынша сөз сөйледі:
- «Білім саласындағы зерттеу мақаласын құрылымдау: IMRaD моделі»
Касенова Альбина Бақытбекқызы, Астана қ. Әдістемелік орталығының бөлім басшысы, «Zertte» журналының бас редакторы.
- «Мақала жазу әдістемесі. Ғылыми стиль»
Жиенбаева Сайра Нағашыбаевна, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ педагогика кафедрасының профессоры, «Zertte» журналының редакциялық алқа мүшесі.
- «Білім беру саласындағы зерттеу әдістері: зерттеу мақаласының әдіснамалық негізі»
Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы, Астана қ. Әдістемелік орталығының әдіскері, «Zertte» журналының жауапты хатшысы.
- «Зерттеу мақаласын жазуда жасанды интеллектті пайдалану және академиялық адалдық»
Турсунбеков Алмаз Жомартулы, Астана қ. Әдістемелік орталығының әдіскері, «Zertte» журналының техникалық редакторы.
Іс-шара соңында қатысушылар кері байланысқа шығып, пікір алмасты.
Педагогтерге зерттеу мақаласын жазу бойынша әдістемелік көмек көрсету өз жалғасын табады.








