Қалалық  семинар:  «Функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды қолдану»

          Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинарға елорда мектептерінен 109 химия және биология пәндері педагогі қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

          Іс-шараның негізгі мақсаты – функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды оқу процесінде тиімді қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ оқушылардың өмірлік жағдаяттарда алған білімін қолдану дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Семинар барысында Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының координаторы Сейлбаева Мөлдір Бекетаевна лицейде жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар Шабденова Назира Муратовна  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ жаратылыстану-математикалық бағыттағы зертханасының бас маманы, Ақшалова Ляззат Манешовна, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік IB мектебінің биология пәні мұғалімі және елорда педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар жұмысын химия және биология пәндерінің әдіскері Ш. Шакирова қорытындылады. Іс-шара соңындағы кері байланыс кезеңі семинардың практикалық маңызын айқындап, қатысушылардың алған әсерлері мен тәжірибелерімен бөлісуі кәсіби пікір алмасудың жалғасуына негіз болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *