«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы цифрлық құралдар» тақырыбындағы қалалық семинардың қорытындысы

2026 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласы «М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы» базасында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы цифрлық құралдар» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар жұмысына Астана қаласындағы білім беру ұйымдарынан 20 спикер қатысты: М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы, №35, №59, №67, №73, №93, №97, №100, №105, №110, №111, №113 мектептері, сондай-ақ «Ақбұлақ-1» ЖШС «Флагман» Астана физика-техникалық лицейі.

Іс-шара барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған білім беру үдерісіне цифрлық құралдарды енгізудің өзекті мәселелері қарастырылды. Қатысушылар заманауи әдістемелік тәсілдерді талқылап, тәжірибелік жұмыстарымен және тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинар кәсіби өзара байланыс, ынтымақтастық және тәжірибе алмасу жағдайында жоғары деңгейде өтті.

Семинар модераторы  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» орыс тілі пәні әдіскері Мусина Алмагүл Сұлтанқызы.

Барлық қатысушыларға мазмұнды жұмыс, кәсіби белсенділік және заманауи білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *