«Функционалдық сауаттылықты дамытудағы PBL жобалық оқыту әдісінің жаңа траекториясы» қалалық әдістемелік вебинар

2026 жылдың 8 қаңтар күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәні (Т1) жас мамандарымен Әдістемелік орталық әдіскері Жанар Сейтахметтің ұйымдастыруымен «Функционалдық сауаттылықты дамытудағы PBL жобалық оқыту әдісінің жаңа траекториясы» қалалық әдістемелік вебинары өтті. Жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Project Based Learning (PBL) әдісінің теориялық негіздері мен практикалық мүмкіндіктерінің  оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын көрсету арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығы мен функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи оқыту тәсілдерін меңгерту, жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету арқылы  PBL әдісін зерделеудің ерекшелігі мен тиімді жолдарын үйретуді қамтамасыз ету мақсатында өткен шарада жас мамандардың жетекшісі  Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM school мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  – Бимбетова Замира Асилхановна және Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM school мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Сексенбай Жансая Мырзағалиқызы  іс-шара барысында жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, PBL әдісін зерделеудің өзектілігін айқындау және әдістемелік қолдаудың маңызын көрсету мәселелері кеңінен талқыланды.

Вебинар аясында келесі тақырыптар қарастырылды:

  • «Жас мамандарға әдістемелік қолдаудың қажеттілігі мен мүмкіндіктері» – жас педагогтердің кәсіби қалыптасу кезеңіндегі әдістемелік сүйемелдеудің рөлі мен тиімді жолдары;
  • «PBL әдісін үйренудің өзектілігі» – жобалық оқытудың қазіргі білім беру талаптарымен сабақтастығы және функционалдық сауаттылықты дамытудағы әлеуеті;
  • «Оқу сауаттылығы мен функционалдық сауаттылық – PBL әдісінде» – оқу мақсатын өмірлік жағдаяттармен байланыстыру тәжірибелері;
  • «PBL RAIC» кіріктірілген жобасы – пәндік білім мен функционалдық дағдыларды бірлесе қалыптастыруға бағытталған инновациялық үлгі;
  • «Оқу сауаттылығы және жасанды интеллект (ЖИ)» – оқу тапсырмаларын жобалауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары.

Вебинар интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылар теориялық ақпаратпен қатар практикалық мысалдармен танысты, өз тәжірибелерінде қолдануға болатын әдістемелік ұсыныстар алды. Аталған вебинар жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге, PBL жобалық оқыту әдісін жүйелі түрде енгізуге және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған маңызды әдістемелік алаң болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *