«SHARE» халықаралық жобасы аясында қалалық семинар

2025 жылғы 05 желтоқсан күні Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицей базасында «SHARE» халықаралық жобасы аясында семинар өтті. Семинар Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның қолдауымен ұйымдастырылды. «SHARE» халықаралық жобасы бүгінде қаламызда 26 мектепте жүріп жатыр. Семинарға жобаға қатысушы мектептерден 200-ден астам педагог қатысты. Жобаға қатысатын мектептерге әр оқу жылында бір мектепке екі жаңа мектеп бекітіліп, каскадты әдіс арқылы педагогтер оқытылады.  

Семинар барысында «SHARE» халықаралық жобасының тренерлері Кембридж университетінің профессоры Коллин Маклаффлин мен зертеуші Кейт Эванстың тағлымдамасынан өткен педагогтер тәжірибесін қаскадты әдіс арқылы тіркелген мектептерге тарату жолдары талқыланды.

Іс-шара аясында желілік координаторлар Р.Анапьянова, С. Оразалы,
Қ. Кожахметова іс-әрекеттегі зерттеу сұрағы мен жиналатын деректер, мұғалімдердің өз жұмысына зерттеуді жүргізудің маңызы, кәсіби әдебиеттерді тиімді оқу әдістері туралы ой бөлісті.

Қала бойынша жоба үйлестірушісі Р. Шаяханова «SHARE» халықаралық жобасының елорда мектептерінде жүргізілу жағдайын, оның нәтижелеріне тоқталып өтті.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарын қойып кері байланыс берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *