2025 жылғы 13–15 қараша аралығында Австрияның Клагенфурт қаласында CARN (Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша бірлескен желілік қоғамдастық) конференциясы өтті.
Конференцияға SHARE жобасы аясында Астана қаласының №№50, 59, 72, 90 мектептерінің педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында педагогтер халықаралық сарапшылардан шабыт алып қана қоймай, сонымен бірге Іс-әрекеттегі зерттеуді дамытуға арналған практикалық құралдар мен жаңа әдістемелерді үйренуге мүмкіндік алды.
Конференцияның ең құнды тұстарының бірі – терең рефлексия мен кәсіби өсуге ықпал ететін адал, сыни кері байланыс кеңістігінің болуы.
Аталған конференция педагогтер үшін өздерінің Іс-әрекеттегі зерттеулерімен бөлісуге, тәжірибе алмасуға және мектептердегі оқыту мен оқу жағдайларын қалай жақсартуға болатыны туралы түсінік алуға арналған ең үздік мүмкіндіктердің бірі болып табылды және алған тәжірибені таратуға зор мүмкіндік берді.
Конференцияға сілтеме:











