2025 жылдың 27 қарашасында «WORDSKILS – 2025» жұмысшы мамандықтарының Ұлттық чемпионатына дайындық аясында Әдістемелік орталықтың техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері Технологиялық колледжде қалалық біріншілікте жеңімпаз атанған студенттерге психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Мақсаты: интеллектуалдық, физикалық және эмоционалдық стресстің жоғарылауы жағдайында мәселелерді сәтті шешуге қажетті студенттердің психологиялық қасиеттерін дамыту.
Қызықты және танымдық форматта колледждердің психологтары Костанова Ж. С. және Универқызы Ғылым команда құру, топтық өзара әрекеттесу және коммуникативті дағдыларды жетілдіру бойынша жаттығулар өткізді, бәсекелестік ортада стреске төзімділікті арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берді, сонымен қатар әртүрлі эмоционалдық жағдайлар мен стресстік жағдайлардан сәтті шығу жолдарын ұсынды.
Іс-шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға психологиялық-педагогикалық көмектері үшін алғыстарын білдірді.








