«Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» қалалық байқауы

2025 жылдың 14 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен «Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» қалалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты — қала мектептері әдістемелік бірлестік жетекшілерінің кәсіби шеберлігін айқындау, олардың тәжірибесін қолдау және кеңінен тарату.

Байқаудың алғашқы кезеңіне қатысқан 39 әдістемелік бірлестік жетекшісі арасынан үздік 18 қатысушы іріктеліп, қорытынды кезеңге өтті.

Қатысушылар өз жұмыстарының таныстырылымдарын ұсынып, әділқазылар алқасы ең үздік жетекшілерді анықтады.

Нәтижелер:

Әдістемелік бірлестік жетекшілері бойынша жеңімпаздар:

  • І орын:
    Кукенова Кенжегул Таубалдиевна, бастауыш сынып бірлестігі (№74 МГ)
  • ІІ орын:
    Ибраева Бибигуль Баяновна, жаратылыстану бірлестігі (№13 ОМ)
    Ахметбекова Гульнара Сагынтаевна, жаратылыстану бірлестігі (Байтұрсынов атындағы Binom School мектеп-лицейі)
  • ІІІ орын:
    Садвокасова Лейла Тюлюгуновна, эстетикалық пәндер бірлестігі (№20 ЖОББМ)
    Авдрасол Бахытжан, математика бірлестігі (№81 Astana English School)
    Жаменкенова Айнур Зейноллиновна, қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі (№87 МГ)

Қос номинациялар бойынша жеңімпаздар:

  • Молдалиева Жанар Шукиралиева, бастауыш сынып (№86 МГ)
  • Симбаева Бахыт Тулеукановна, тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі (Skillset School)
  • Байдаулетова Замзагуль Махметовна    қазақ тілі мен әдебиеті (№60 МЛ)

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *