2025 жылғы 7 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен бастауыш сынып бойынша директордың орынбасарларына арналған «Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық» тақырыбында вебинар өткізілді.
Іс-шара барысында:
Жасанды интеллект туралы Әзімбау Н.К. баяндама жасап, биылғы 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта атап өтілген жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне тиімді кіріктіру мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауында көрсетілген білім беру саласын цифрландыру және жасанды интеллектті этикалық әрі қауіпсіз қолдану жөніндегі басым бағыттармен байланыстырды;
«Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен» А.А. Бекжанова таныстырылым өткізді;
«Жасанды интеллектіні сабақ үдерісіне енгізудегі этикалық аспектілер» туралы Г.А. Оразбекова баяндама жасады.
Вебинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, кері байланыс берді.







