№31 «АҚ СҰҢҚАР» БАЛАБАҚШАСЫНДА «ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ» ӨТТІ

Астана қаласының Әдістемелік орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында №31 «Ақ сұңқар» балабақшасының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балабақша ұжымына педагогтерге қатысты өзекті мектепке дейінгі әдістемелік мәселелер қарастырылды. Орталық әдіскерлері тәрбиеленушілермен жұмыс барысында педагогтерге нормативтік құжаттарды, перспективалық жоспар және циклограмманың жазу үлгісін, баланың жеке даму картасын толтыру талаптарын жүзеге асыру жолдары түсіндірді.

Семинар-практикум соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *