«Мектепішілік бақылау: проблемалар мен тәуекелдер бойынша басқарушылық шешімдер матрицасы» тақырыбында қалалық оқу семинары

2025 жылғы 5 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Астана қаласы әкімдігінің «№41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ұйымдастыруымен «Мектепішілік бақылау: проблемалар мен тәуекелдер бойынша басқарушылық шешімдер матрицасы» тақырыбында қалалық оқу семинары өткізілді.

Іс-шараға елорда мектептерінің оқу және бейіндік жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары қатысты. Семинардың басты мақсаты – мектепішілік бақылауды ұйымдастыру нұсқаулығын меңгеру және анықталған тәуекелдер мен проблемалар бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту болды.

Семинар барысында қатысушылар мектепішілік бақылаудың тиімділігін арттыру жолдарын, тәуекелдерді басқару стратегияларын және білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдерді талқылады. Сонымен қатар, орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні этикалық қолдану, сондай-ақ I тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасын мониторингілеу нәтижелерін талдау, қорытындылар мен басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелері қарастырылып, мектепішілік бақылау нәтижелерін талдау және оларды шешу бойынша басқарушылық шешімдер матрицасын әзірлеу бағытында тәжірибе алмасу жүргізілді.

Семинарға жоғары деңгейде дайындық жүргізген №41 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Сыздықова Асия Нұғманқызының ұйымдастырушылық және кәсіби шеберлігі ерекше атап өтілді. Директор өткізген «Басқарушылық шешімдер шеберханасы: тәуекелдерді талдау арқылы мектеп дамуын басқару» тақырыбындағы тренинг қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленді.

Іс-шара соңында қатысушылар рефлексия өткізіп, өз пікірлерін білдірді. Кері байланыс нәтижелері бойынша семинардың мазмұны мен ұйымдастырылуы жоғары деңгейде деп бағаланды. Қатысушылар тиімді басқару мен сапалы бақылаудың білім беру үдерісін жетілдірудегі маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *