Жекеменшік балабақшаға әдістемелік көмек көрсетілді

2025 жылдың 04 қараша күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.

Іс-шараға «Мадина», «Ордаген» балабақшалары қатысты.

Әдістемелік күн барысында әдіскер:

  • Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға арналған түзету жоспарларымен танысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді;
  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып топтарды қалыптастыру талаптарын түсіндірді;
  • Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің құжаттармен сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік көмек көрсетті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *