«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық — ғылыми практикалық институтының жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын озық тәжірибелерді пайдалана отырып жақсартуға бағытталған сынып жетекшілерге арналған «Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында 28 қазан – 01 қараша аралығында 40 сағаттық курс өткізілді. Астана қаласы бойынша 50 педагог қатысып, біліктілігін арттырды.
Білім беру бағдарламасына сәйкес тыңдаушылар жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша сынып жетекшісінің жасөспірімнің бойында оң өмірлік мақсаттар қалыптастыру арқылы агрессивтілікті түзетуге, еңбек терапиясын қолдануға, ата-аналардың әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған сабақтан тыс жұмыстарын кешенді, жүйелі, интеграцияланған тәсілдерімен жоспарлауды меңгерді. Сондай-ақ, жасөспірімдер бойында өмірге құштарлықты ояту арқылы девиантты мінез-құлықтың және агрессивтіліктің алдын алуда жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыс түрлерін меңгеру арқылы құзыреттіліктерін қалыптастырды. Девиантты мінез-құлықтың алдын алуда ата-аналармен жұмыс жүргізуді, олардың әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыру жолдарын және кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқын анықтауға арналған әрекеттер алгоритмін меңгерді. Тыңдаушылар девиантты мінез-құлықты оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде теориялық білімдерін кеңейтіп, практикалық жұмыстар арқылы бекітті, тәжірибе алмасты. Курс соңында ұсынылған тақырыптар бойынша жоба қорғап, сертификатталды.







