«Функционалды сауаттылық пен жаңа технология – заманауи білім берудің басты тренді» тақырыбында қалалық семинар

2025 жылғы 15 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Ә.Кекілбаев атындағы BINOM school мектеп-лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтеріне арналған «Білгім келеді» клубы жобасының аясында «Функционалды сауаттылық пен жаңа технология – заманауи білім берудің басты тренді» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – заманауи білім беру үрдісіндегі негізгі тренд ретінде функционалды сауаттылық пен жаңа технологиялардың өзара байланысын талдау және практик мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.

Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Борамбаева Гулнар Елеусизовна және BI баскарушы компанияның академия бөлімнің директоры Шарбану Омирагалиева құттықтау сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Семинар жұмысына «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Кайркенова Жанар Муслимовна мен қазақ тіл білімінің майталманы, Л.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты Ахтанова Айман Советқызы, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының аға менеджері Абзалбек Лаура Сапарқызы қатысып, қазақ тілі сабақтарында функционалды сауаттылықты қалыптастыру және бағалау үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

BINOM school мұғалімдері семинар аясында төмендегі шеберлік сыныптарын ұсынды: «Мәтінді мәтінсіз оқыту: ЖИ мүмкіндіктері», «Заманауи педагог құзыреті: сауаттылық пен технология» «Сауаттылық пен smart дәуір», «Мұғалім мен технология тандемі: білім беру трендтері» т.б.

Шеберлік сағаттарында қатысушыларға заманауи білім берудегі инновациялық құралдар, жасанды интеллект платформаларын сабаққа тиімді енгізу жолдары, оқушылардың оқу және жазу сауаттылығын арттырудың практикалық әдістері ұсынылды.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс толтырып, өз әсерлерімен бөлісті. Мұғалімдер семинардың мазмұны мен ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, осындай тәжірибе алмасу алаңдарының педагогтердің кәсіби дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *