2025 жылғы 29 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК цифрлық даму бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен Экономикалық лицей базасында «Мұғалім жұмысына арналған цифрлық құрал – жасанды интеллект» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты – мұғалімдерге жасанды интеллект құралдарын сабақ дайындауда, визуалды материалдар жасауда және оқушылардың қызығушылығын арттыруда тиімді пайдалануды үйрету.
Іс-шара барысында мұғалімдер заманауи AI-платформалардың мүмкіндіктерімен танысты:
- Storybook, NotebookLM, Flow, Veo 3, InVideo, Gamma – сабақ сценарийлері мен бейне және интерактивті материалдар жасауға арналған құралдар;
- Canva Pro / Canva for Education – оқу-әдістемелік материалдар мен инфографиканы кәсіби деңгейде әзірлеуге мүмкіндік беретін сервис.
Жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде пайдалану мұғалімдерге сабақтарды тиімді дайындауға, көрнекі әрі қызықты етуге, цифрлық дағдыларды дамытуға және заманауи форматтар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қатысушылар семинар-практикумның пайдалы өткенін атап өтіп, жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын талқылады.








