2025 жылдың қазан айында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.
Іс-шараға «Образпро», «Baby Village», «Бал Алтыным», «Ботақан», «Самғау», «Ақтілек», №17 «Ертөстік», «Aqbulaq Kids», «Жас Кемеңгер», «Ордаген», «AMIS QAZAQSTAN», «Султани D», «Нұр Әлем» балабақшалары қатысты.
Әдістемелік күн барысында әдіскер:
- Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға арналған түзету жоспарларымен танысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді;
- Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып топтарды қалыптастыру талаптарын түсіндірді;
- Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің құжаттармен сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік көмек көрсетті.








