2025 жылдың 20 қазан күні техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері Әдістемелік күн аясында Басқару колледжінің оқытушыларының сабақтарына катысты.
Іс-шара оқу сабақтарының тиімділігін арттыру, инновациялық және өндірістік технологияларды анықтау, талдау дағдыларын жетілдіру және оқу сабақтарын өзіндік талдау мақсатында өткізілді.
Шара қорытындысы бойынша колледж оқытушыларының сабақтарына талдау жасалып, педагогикалық шеберлікті арттыру және колледждегі әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.