2025 жылғы 16 қазанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Үздік тәжірибелер мен инновациялар» атты білім беру конгресі өтті.
Конгрестің пленарлық бөлімінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының м. а. Мухамеджанова А.К., Қытай Халық Республикасы Баоцзи қаласындағы Шэньси электромеханикалық институты директорының орынбасары Чжан Кы, Өзбекстан Республикасы Ташкент көлік техникумының аға оқытушысы Әділов Ш.А., «Talap» КЕАҚ Стратегиялық даму, талдау және мониторингінің басқармасының басшысы Далабаев Ж. Қ. сөз сөйледі
Конгрес шенберінде педагогтер және студенттерге тақырыптық секциялар, воркшоптар, нетворкинг-сессиялар және «Бейіндік сыныптар» жобасының «Көлік және логистика» бағыты бойынша мектеп оқушылары үшін экскурсиялар өтті.
Іс-шараларда халықаралық ынтымақтастықты дамытудың тиімді жолдары, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың, кәсіптік білім беруді цифрландыруды, академиялық ұтқырлықтың және т. б. мәселелер талқыланды. Конгрес нәтижелі қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және жаңа идеяларға шабыт беретін алаңға айналды.