«Білім берудегі және басқарудағы трансформация» қалалық ғылыми-танымдық конференциясы

Ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясының тұңғыш директоры Іргебай Ербол Ісләмұлының білім беру саласына қосқан үлесін және ұрпақ тәрбиелеудегі өнегесін дәріптеу, сондай-ақ қазіргі білім беру жүйесіндегі басқарудың жаңа моделін насихаттау мақсатында «Білім берудегі және басқарудағы трансформация» қалалық ғылыми-танымдық конференциясы

Ұйымдастырушылар: «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназиясы.

Конференцияның мақсаты: Заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды, сондай-ақ эмоционалдық интеллектті дамыту әдістерін тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және білім беру ұйымдарында басқарудың жаңа моделін насихаттау.

Конференция қатысушылары: директор орынбасарлары, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері, әдіскерлер.

Өтетін орны: Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназиясы, мекенжайы: Астана қ.,  Қорғалжын тас жолы 37\1.

Өтетін күні, уақыты:  29  қазан 2025 жыл

Өткізу тілі: қазақша

Өткізу форматы: офлайн

Конференцияны өткізу тәртібі

Конференция екі бөлімнен тұрады:

Пленаралық

Секциялық

Конференцияға қатысу үшін материалдарды yseminar@list.ru электронды почтасына жіберуге болады.

Ақпарат үшін контактілер: Айтуғанов Бауыржан Серікұлы, +77714251011.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *