Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2025 жылдың 10 қазан күні сағат 15.00-де Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, информатика пәні мұғалімдерімен «Білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында жасанды интеллектті орта білім беру жүйесінде қолдану жолдары, ЖИ-ға қатысты негізгі концепциялар мен платформалар, академиялық адалдық пен этикалық стандарттарды сақтау, ЖИ құралдарын талдау және тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады.
Сондай-ақ, информатика пәні мұғалімдерінен қазақ және орыс тілдерінде келесі сұрақтар қойылды:
- Қазақстан мектептеріне қолжетімді, тегін әрі қауіпсіз жасанды интеллект платформалары қандай?
- ЖИ қолдану кезінде оқушылардың дербес деректерін қорғау мәселесі қалай шешіледі?
- Қазақстан мектептерінің материалдық-техникалық базасы қаншалықты дайын? Нақты және сенімді платформалар ұсыныла ма?
- Көптеген ЖИ платформалары ақылы. Қандай тегін немесе тиімді нұсқаларды ұсынар едіңіз?
- Какова новая роль учителя информатики в эпоху ИИ – не просто передатчика знаний, а медиатора, наставника и организатора критического анализа информации?
- Как обеспечить справедливость и точность при использовании ИИ для оценки знаний учащихся?