Цифрлық білімге жаңа қадам!
📚 Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 107-ші орта мектепте Canva for Education платформасы сәтті енгізілді! 🎉 Барлық педагогтар мен оқушылар үшін толық қолжетімділік қамтамасыз етілді.
🔍 Сонымен қатар, мектеп ұжымына арналып өткізілген оқыту семинарында сабақты өткізу барысында Canva Pro мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.
👨🏫 Семинар спикерлері:
— Қамижан Болатхан Амангельдыұлы: Canva Pro Education мүмкіндіктері мен жасанды интеллектіні сабақ үрдісінде қолдану.
— Тұрсынбеков Алмаз: Жасанды интеллекттің даму тарихы және мектепте қолданылуы.
— Күбегенов Ерлан Сағингалиевич: TopIQ «Цифрлық сауаттылық» электронды оқулықтарды пайдалану жолдары.
✨ Бұл шараның нәтижесінде мектептің барлық мұғалімдері мен оқушылары заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдануға мүмкіндік алды! 🚀