Қазіргі таңда робототехника – болашақтың маңызды бағыттарының бірі. Робототехника саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – заманауи білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Себебі мұғалімдер оқушыларға тек техникалық білім ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу, топпен жұмыс істеу сияқты маңызды дағдыларды да үйретуі керек.
«Группа РОБОТЕК» ЖШС Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-мен бірлесіп, «Білім беру және спорттық робототехника саласындағы оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ақысыз негізде өткізді. Аталған курсқа Астана қаласы орта білім беру ұйымдарының 55 педагогі қатысып, өз біліктілігін арттыра алды.
Өзекті мәселе төңірегінде педагог мамандардың тәжірибесін шыңдау және кәсіби өсуіне мүмкіндік берген тегін курс ұйымдастырушылары «Группа РОБОТЕК» ЖШС орталығының ұжымына алғыс білдіреміз.