Педагог біліктілігін арттыру — заман талабы

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында өзекті мәселердің бірі — жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық, буллинг, кибербуллинг. Жасөспірімдер арасында белең алған осындай зорлық-зомбылық түрлері сияқты қауіпті жағдайлардың әлем бойынша өсу динамикасы педагогтердің даулы мәселе, жанжалдарды шешу саласындағы біліктілігін арттыру, практикалық құзіреттілігін жетілдіруді басты назарда ұстау қажеттігін көрсетеді.

«AGZHAN» ғылыми-білім беру орталығы Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-мен бірлесіп, «Буллинг пен кибербуллингтің алдын алудың қазіргі заманғы стратегиялары: қауіпсіз білім беру ортасын құру» тақырыбында 108 сағаттық аралас форматтағы біліктілікті арттыру курсын ақысыз негізде өткізді. Аталған курсқа Астана қаласы орта білім беру ұйымдарының 61 педагогі қатысып, өз біліктілігін арттыра алды.

Өзекті мәселе төңірегінде педагог мамандардың тәжірибесін шыңдау, өзара пікір алмасып, буллингтің алдын алу бойынша айла, тәсілдерін үйренуге мүмкіндік берген тегін курс ұйымдастырушылары «AGZHAN» ғылыми-білім беру орталығының директоры Меруерт Шорманбаеваға, әдіскер Ардақ Құрметқызына алғыс айтып, кәсіби мерекемен құттықтаймыз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *