Қалалық семинар: «Жаңашыл мұғалім: шығармашылық сабақтан авторлық бағдарламаға дейін»

2025 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицей базасында география пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Жаңашыл мұғалім: шығармашылық сабақтан авторлық бағдарламаға дейін».

Семинардың басты мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тиімді сабақ құра білуге және авторлық бағдарлама әзірлеуге бағыт-бағдар беру, сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Іс-шара барысында жаңашыл мұғалімдер шеберлік сыныптар өткізіп, өздерінің авторлық материалдарымен, әдістемелік әзірлемелерімен бөлісті. Қатысушылар тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану жолдарын талқылап, кәсіби даму бағытында тың идеялар алды.

Бұл семинар – мұғалімдердің кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және авторлық бастамаларын жүзеге асыруына үлкен серпін берді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға ниетті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *