2025 жылғы 29 қыркүйек күні Астана Халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжінде болашақ педагогтерді кәсіби даярлау сапасын арттыру, колледж педагогтерінің үздік тәжірибемен алмасуы, шығармашылық шабыт беруді жүзеге асырған «ЖЕҢІСКЕ ШАБЫТТАНДЫРАМЫЗ!» атты педагогикалық форумы өтті. Форум барысында «Ұстаз жеңісі – шәкірт табысы» тақырыбымен мотивациялық кездесу, «Бала жүрегіне баратын жол» атты карта сызу мен педагогикалық жағдаяттар бойынша кейс талдау практикасын қатысушылар тәжірибе алаңында пысықтады. Форум жұмысында оқытушылар мамандықтар бойынша дарынды және шығармашыл білім алушыларды анықтау және қолдау, табысты педагогикалық тәжірибені тарату және сапалы білім беру ортасын қалыптастыру құралдарын игерді.
Форум жұмысына 70-тен астам оқытушы қатысты.