Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 2025 жылғы 30 қыркүйек күні арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің аттестацияға дайындалу барысында кәсіби дағдыларын және практикалық жұмыстарын жақсарту бойынша кеңестер беру мақсатында әдістемелік отырыс өтті.
Отырыс барысында:
- арнайы білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары мен әдіскерлерінің лауазымдық міндеттері;
- аттестациядан өтетін педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету алгоритмі;
- педагогтердің авторлық және әдістемелік құралдарын сараптамалық кеңеске дайындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар және т.б, өзекті мәселелер талқыланды.