Салауатты ұрпақ тәрбиелеуде «Елтануәлемі» бағыты бойынша дамытушы ойындарды қолдану

2021 жылғы 13 мамырда  № 46 «Самал» санаториялық балабақшасында баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу жолдарымен, педагогтердің іс-тәжірибесімен бөлісуі мен бірлескен  нәтижелі еңбектерімен  таныстыру мақсатында «Салауатты ұрпақ тәрбиелеуде «Елтануәлемі» бағыты бойынша дамытушы ойындарды қолдану» тақырыбындағы қалалық ғылыми-практикалық  онлайн-семинары өтті.

Семинар барысында балабақша меңгерушісі Б.Т. Кайыргалиева «Елтану әлемі» бағытын тәжірибеге енгізу жолдарымен бөлісіп, авторлық «Салауатты ұрпақ» атты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға  арналған дамытушы ойындарын таныстырды.

Балабақша тәрбиешілері Н.К. Кабиева, Г.К. Алиева, музыка жетекшісі Л.А. Морозовалар тәрбиеленушілермен ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетті. Ал балабақша әдіскерлері  М.Ж. Рахыметова, С.А.Рахимгалиева,    Н.Т. Қожабаева, С.А. Адгамовалар шеберлік сағаттары мен шығармашылық шеберхана жұмыстарын ұсынды.

Онлайн семинарға шетелдік әріптестер өз пікірлерін білдіріп, қызығушылық танытты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған