Астана қаласының колледж оқытушылары Қауымдастығы жетекшілерінің отырысы өтті

2025 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласының колледж оқытушылары Қауымдастығы жетекшілерінің отырысы өтті.

Іс-шарада  техникалық және кәсіптік білім бері бөлімінің әдіскерлері Н.С. Исина, А.Е.Есенбекова, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Қауымдастығының жетекшісі Технологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Парашина Т.В, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушылары Қауымдастығының жетекшісі, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Бабаева Ш.М.,«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Қауымдастығының жетекшісі, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Нурманова А. Д. сөз  сөйледі.

    Отырыста Қауымдастықтардың 2024-25 оқу жылындағы қызметін талқылады, педагогтердің әдістемелік іс-шараларға қатысуын  талдау жасалды және  колледж педагогтерінің өзін-өзі дамытуға  ынтасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *