Біз мектепке барамыз

2021 жылдың 6 мамырынан бастап Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтары арасында «Біз мектепке барамыз» акциясы басталды.

Акция барысында мектепалды топтарының педагогтері балабақша мен мектептің сабақтастығына бағытталған түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, кіріктірілген онлайн ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсететін болады.

Акцияны бірінші болып №49 «Алтынай» және №37 «Арман» балабақшалары ашты, көрсетілген ұйымдастырылған оқу қызметі танымдық, кіріктірілген жаңа технологияларды пайдалана отырып, балалар өз білімдерін, біліктері мен дағдыларын көрсетті.

Іс-шараға Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы А.К. Ережепова, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Қорытынды бөлімде семинарға қатысушылар аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Акция 21 мамырға дейін жалғасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған