Астана қаласында инклюзивті білім беруді дамытуға маңызды қадам ретінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен «Жеңіске жет» Қоғамдық қоры арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға жағдай жасау және қолдау көрсету мақсатында ынтымақтастық меморандумы қол қойылды.
«Жеңіске жет» Қоғамдық қоры инклюзивті білім беру саласында сенімді серіктес ретінде танылып, педагогтер үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізіп, іс-шараларды ұйымдастыруда.
Аталған меморандум педагогтердің біліктілігін арттыру, бейімделген дене мәдениеті мен спортты дамыту, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мәдени және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру бағытында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді. Тараптар әр баланың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін инклюзивті білім беру ортасын құру үшін күш-жігерін біріктіруге ниетті.