2025 жылдың 2 маусым күні мектепке дейінгі ұйым педагогтері қауымдастығының қорытынды отырысы өтті
Күн тәртібінде:
1. 2024-2025 оқу жылының жылдық есебі;
2. Ұсынымдар мен ұсыныстар;
3. Кері байланыс пен үздік педагогтерді марапаттау.
Биылғы оқу жылында қауымдастықтың жұмыс жасау барысындағы негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыру кезінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және тарату.
Анықтамалық: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің 7 қауымдастығы жұмыс жасайды. Құрамы лидері мен жетекшілерінен құралған. Жалпы саны — 82 педагогті қамтиды.
1. Әдіскерлер қауымдастығы;
2. Қазақ тілі педагогтері қауымдастығы;
3. Тәрбиешілер қауымдастығы;
4. Музыка жетекшілері қауымдастығы;
5. Мектепалды топ тәрбиешілері қауымдастығы;
6. Дене шынықтыру және жүзу нұсқаушылары қауымдастығы;
7. Арнайы педагогтер қауымдастығы.
Әр қауымдастық өз бағыты бойынша педагогтерді жинап, кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында балабақша педагогтері ашық ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетсе, әдіскерлер шебер-сыныптарын өткізді. Нәтижесінде 2024-2025 оқу жылында бағыты бойынша қаланың алты ауданында ай-сайын тәрбиешілер, әдіскерлер және педагогтер өзара тәжірибе алмасты.





