«Физика пәнінде оқушылардың ойлау дағдыларын дамытудағы TIMSS тапсырмаларының қолданылуы» тақырыбында өткізілген қалалық семинар туралы ақпарат

2025 жылғы 30 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Физика пәнінде оқушылардың ойлау дағдыларын дамытудағы TIMSS тапсырмаларының қолданылуы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар табиғат аясында camping session форматында ұйымдастырылды. Бұл формат қатысушылардың еркін қарым-қатынас орнатуына, командалық рухты арттыруға және бейресми жағдайда тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Мұндай тәсіл кәсіби қауымдастықты нығайтып, сенімділік пен бірлік атмосферасын қалыптастырды.

Қатысушылар 6 түрлі пункт бойынша практикалық жұмыстарға қатысып, TIMSS форматындағы тапсырмаларды оқу үдерісіне кіріктірудің тиімді жолдарын талдады. Мұғалімдер оқушылардың логикалық, сыни және жүйелі ойлау дағдыларын дамыту әдістерімен бөлісті.

Семинар аясында ұйымдастырылған «Ньютонның үшінші заңы» тақырыбындағы эстафеталық ойындар арқылы қатысушылар физикалық ұғымдарды өмірмен байланыстырып, командалық жұмыс дағдыларын шыңдады.

Семинар соңында ашық микрофон алаңы өткізіліп, қатысушылар алған әсерлерін және алдағы оқу үдерісіне енгізуді жоспарлаған идеяларын ортаға салды. Рефлексия барысында мұндай бейформалды форматтағы семинарлар кәсіби даму мен тәжірибе алмасуға тың серпін беретіні атап өтілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *