«Кәсіби өрлеу алаңы» клубының мүшелері үшін «BIG THINK» жобасы

2025 жылғы 16 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, Ш.Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясында жас мамандарға арналған «Кәсіби өрлеу алаңы» клубының мүшелері үшін «BIG THINK» жобасы аясында ерекше форматта қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – заманауи білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін таныстырып, оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалануға бағытталған дағдыларды дамыту.

Семинарда мұғалім мен оқушы арасындағы тиімді байланыс, креатив пен қалыптан тыс ойлау дағдылары, мақсат қою мен ішкі мотивацияны арттыру жолдары сияқты өзекті мәселелер қарастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Бұл жоба жас педагогтер үшін шынайы мотивация мен кәсіби дамудың алаңына айналды! Жас мамандар бас қосып, бір-бірімен ой бөлісіп, аталған тақырыптар төңірегінде пікір алмасты.

Осындай іс-шаралар – тек кәсіби дамуға ғана емес, сонымен қатар бір-бірін қолдауға, шабыт алуға және жаңа қадамдар жасауға зор мүмкіндік береді.

Білім жолында бірге өсу – үлкен күш!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *