2025 жылғы 14 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК №1 «Бәйтерек» балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Балабақшадағы инклюзивті тәжірибелерді енгізу» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында:
— Ерекше білім қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасауда «Roger» жүйесінің инновациялық технологиясын қолдану;
-«Логомер» мультимедиялық кешені ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларда сөйлеуді бастаудың тиімді құралы;
— ерекше қажеттілігі бар балаларға танымдық қабілеттерін қалыптастыруға жағдай жасау;
— ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіруде ертегі терапиясының мүмкіндіктері;
— инклюзивті білім беруді іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын және білім беру процесін құру;
— ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін бейімделген дене тәрбиесі;
тақырыптарында ақпарат беріліп, ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, ұйымдастырылған іс -әрекеттер мен шебер сыныптар көрсетілді.
Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 25-ке жуық арнайы мамандары қатысты