Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2025 жылғы 13 мамырда білім беру ұйымдарының кітапханашылары үшін «Кітап оқуды қолдаудағы ата-ана мен отбасының рөлі: мектеп пен отбасы серіктестігі» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты — мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқырман мәдениетін қалыптастырудағы отбасының маңызын арттыру және бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлін талқылау.
Іс-шара барысында «Кітап оқу дағдысын дамытудағы отбасылық орта», «Мектеп пен ата-ананың бірлескен жобалары» тақырыптары талқыланды. Семинар мазмұны пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және жаңа идеялар қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Семинардың басты түйіні — баланың рухани дамуы мен білімге құштарлығын қалыптастыруда мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыруға бағытталды.