2025 жылғы 13 мамыр күні Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия базасында «Іс-әрекеттегі зерттеу: білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында қалалық деңгейдегі практикалық семинар өтті. Семинар Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, шығармашылық әлеуетін дамыту және заманауи зерттеушілік әдістерді оқу процесінде тиімді қолдануға жағдай жасау. Семинар барысында мұғалімдер оқушылардың білім сапасын арттыру жолындағы іс-әрекеттегі зерттеулер нәтижесін ортаға салып, тәжірибе алмасады.
Семинар жұмысының бірінші кезеңінде қатысушыларға арналып пленарлық жиын ұйымдастырылды. Қатысушылар Астана қаласы Әдістемелік орталықтың талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А. Досмухамет, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия директоры Г.А. Абдраманова, әдіскерлер мен сала мамандары іс-әрекеттегі зерттеудің оқу процесін ұйымдастырудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, НЗМ ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығының» аға оқытушысы Т.К. Нугербаев және «Сыни ойлауды дамыту» жобасының тренері М.Р. Рахымбаева іс-әрекеттегі зерттеу бойынша өз ойларын ортаға салды.
Семинардың екінші кезеңінде қатысушылар 12 сыныпқа бөлініп, іс-әрекеттегі зерттеуді сабақ үстінде бақылады.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, сабақтың тиімді тұстарын атап көрсетті.