Үлгілік оқу бағдарламаларының оқу мақсаттарына негізделген тапсырмалар әзірлеу жолдары

2025 жылғы 31 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM school мектеп-лицейінде Астана қаласы білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні педагогтеріне арналған «Білгім келеді» клубы жобасының аясында «Үлгілік оқу бағдарламаларының оқу мақсаттарына негізделген тапсырмалар әзірлеу жолдары» тақырыбында қалалық воркшоп өтті.

Воркшоп мақсаты – «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына негізделген тапсырмаларды әзірлеу, әдіс-тәсілдерін меңгерту, мұғалімдерге оқушылардың білімін тиімді бағалау үшін нақты тапсырмалар құрастыруда көмек көрсету.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Құлмағанбетова Ақсұлу Шынболатқызы оқу мақсаттарына негізделген тапсырмалар дайындау принциптері туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, Астана қаласы №85 мектеп-лицейінің педагог-шебері, тренер Нукебаева Бақытхан Сейтхановна «Оқу мақсаттары мен тапсырмаларды саралау» тақырыбында теориялық және практикалық маңызы зор ақпарат бере отырып, тапсырмаларды саралау арқылы тиімді оқытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдермен таныстырды. Бақытхан Сейтхановна тапсырмаларды саралау мен дифференциацияның негізгі қағидаларын түсіндіріп, оларды әртүрлі деңгейде қолдануға болатынын көрсетті.

Қатысушылар оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды әзірлеу барысында туындайтын түрлі мәселелер мен қиындықтарды ашып, оларды шешудің тиімді жолдарын талқылады. Әсіресе, оқу үдерісін бағалаудың жаңа критерийлері мен бағалау әдіс-тәсілдері туралы алған білімдерін әріптестерімен бөлісіп, ортақ тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Воркшоп соңында мұғалімдер өз білімдерін одан әрі жетілдіруге, оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға арналған жаңа идеялар мен әдістермен қайтты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *