БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ

2025 жылғы 30 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарының мектеп кітапханасының жас мамандарына арналған вебинар өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқу мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдары және заманауи ақпараттық технологияларды кітапхана ісінде қолдану мәселелерін талқылады. Вебинарға қаладағы білім беру ұйымдарынан жас кітапханашылар қатысып, тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтар бойынша пайдалы ақпараттар алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *