Заманауи қоғамның қарқынды дамуы сауатты, эрудитті, мобильді және өзін-өзі жетілдіруге дайын мамандарды қажет етеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі — болашақ мамандардың кәсіби деңгейін дамытудың негізі, сонымен қатар, білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуының тиімді ресурсы болып табылады.
Студенттердің пәндік олимпиадасы – білім алушылардың эрудициясы мен негізгі құзыреттіліктерін тексеруге, логикалық ойлауы және абстрактілі ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тамаша алаң.
2025 жылдың 28 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Техникалық колледжімен бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы І курс студенттері арасында қалалық олимпиада өткізді. Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (физика, биология, химия, география) бойынша жүзеге асырылды.
Сараптама комиссиясының құрамына Әдістемелік орталықтың әдіскерлері, білім орталықтары өкілдерімен қатар, мемлекеттік, жекеменшік мектептердің тәжірибелі педагогтері енді.
Олимпиадаға 30 колледжден барлығы 220 студент қатысты.
Олимпиада жеңімпаздары мен қатысушылары I, II, III дәрежелі дипломдармен және қатысу сертификаттарымен марапатталды.